19-20 мамырда Қостанай құрылыс колледжінің базасында “Кірпішпен қалау” құзыреттілігі бойынша “Worldskills Kostanay-2022” өңірлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа біздің колледжден 349 К-3 тобының студенті Мязин Артем, 371 СЭЗС-1 тобының студенті Яныгин Сергей қатысты. Байқауға Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің студенттері, “БК-строй” ЖШС қызметкері қатысты.
Конкурстық тапсырма кірпіш модульдерді қалауды қамтыды: көлденең, тігінен (тұрақты), көлбеу, бедерлі қалауды орындау, пилястра түріндегі кірпіштен жасалған тұғырлар.
“Worldskills Kostanay-2022” аймақтық байқауы WorldSkills стандарттары бойынша ұлттық жарыстарда Қостанай өңірінің намысын қорғайтын құзыреттер бойынша үздік өкілдерді іріктеуге және жеңіске жеткен жағдайда халықаралық чемпионатқа қатысу үшін Қазақстан құрамасының құрамына кіреді.