18 мамыр Халықаралық мұражайлар күнінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында дәстүрлі түрде ” Музей түні “мәдени-білім беру акциясы өтті.
Іс-шара рухани, мәдени құндылықтарды бір кеңістікте біріктіріп, түрлі жанрдағы және стильдегі өнер туындыларын көрсету арқылы дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Мұражайға келушілер тарих, экология, музыка, өнер, дизайн, сәулет, ақпараттық технологиялар сияқты салалар мен бағыттардағы оқу орындары оқушыларының шығармашылық, ғылыми, авторлық жұмыстарымен, жобаларымен танысты.
Қостанай құрылыс колледжінің сәулет бөлімінің студенттері белсенді қатысты. Олар келушілерге колледждің дарынды студенттерінің суреттері мен макеттерін ұсынды.
- 20 May
- 2022