17-18 мамырда Қостанай құрылыс колледжінің базасында Worldskills VIII өңірлік чемпионаты өтті. WorldSkills аймақтық чемпионатының айырықша сәті “Abilympics” денсаулық мүмкіндігі шектеулі студенттер арасында кәсіби шеберлік бойынша жарыстар өткізу болды, онда колледждердің төрт студенті “Сылақ жұмыстары” құзыреттілігі бойынша өз біліктері мен дағдыларын көрсетті.
Оған Арқалық политехникалық колледжі қатысушы Алтай Серік, ком-патриот Досымов Таңат Досымұлы, Визитиу Кирилл, ком-патриот Шанаева Динара Қойшықызы, Қостанай құрылыс колледжінің қатысушылары Именалимов Дамир, ком-патриот Хайруллин Александр Исмогилович, Козин Анатолий ком-патриот Абитаева Айжан Сейтжанқызы қатысты.
Конкурстық тапсырма осы құзыреттілік бойынша кәсіби дағдылар мен қабілеттерді объективті бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар міндеттерден тұрды. Жарыстың басында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаушы Елена Алексеевна Бирюк қол және механикаландырылған аспаптармен жұмыс бойынша нұсқаулық өткізді.