Қостанай құрылыс колледжінің базасында 16 мамырдан бастап “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру” білім беру бағдарламасы бойынша “Talap” біліктілікті арттыру курстарының үшінші легі басталды. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы бойынша 20 тыңдаушыны “Таlap” КЕАҚ штаттан тыс жаттықтырушысы Терновая Ольга Валерьевна оқытады.
Курстар үш апта бойы жалғасады және практикалық жұмыстарды орындаумен, тренингтермен, мастер-класстармен және кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтумен бес білім беру модулінен өтуді көздейді.
“Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру” білім беру бағдарламасы бойынша “Talap” біліктілікті арттыру курсына қатысу тыңдаушыларға академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша біліктерді дамытуға және оқытылатын модульдердің бейіні бойынша кәсіби дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.