Қазақстанның еңбек ұжымдарында референдум алдында Конституцияға енгізілген түзетулер түсіндірілуде. 17 мамырында “БК-строй” ЖШС директорының орынбасары Федяшин Михаил Павлович референдумға дайындық бойынша Қостанай қалалық штабының мүшесі ретінде Қостанай құрылыс колледжі ұжымымен Қазақстан Республикасының Коституциясына енгізілетін өзгерістердің мәні мен дауыс беру қажеттілігі туралы түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Ол Конституцияның қандай баптары өзгеретіні туралы айтты. Қалай дауыс беруге болатынын түсіндірді. Барлығы 33 бапқа 56 түзету енгізілуде. Сіз тек бір сұраққа жауап беруіңіз керек: “Сіз Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?»
11 миллионнан астам қазақстандық Конституцияға өзгерістерді қолдап немесе қарсы дауыс бере алады. 18 жасқа толғандардың бәрі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыхалықтық дауыс беру күнін 5 маусымға белгіледі.
- 17 May
- 2022