Қостанай құрылыс колледжінің фойесінде Отбасы күніне орай “Менің отбасым” акциясы ұйымдастырылды. Акцияны ұйымдастырушы студенттер белсенділері және педагог-психолог Г.Н. Тшанова болды.
Бұл акцияның символы жүрек түріндегі ашық хаттар болды. Онда студенттер өз тілектерін жаза алды. Сондай-ақ, колледж еріктілері барлығына тілек білдірген кәмпиттерді таратты.
Бұл акция біздің колледждің әрбір студенті үшін отбасының қаншалықты маңызды екенін, олардың өз отбасына қандай тебіреніспен және сүйіспеншілікпен қарайтындығын көрсетті.
- 16 May
- 2022