12 мамырда Тобыл қаласында “Затоболец” стадионында облыстық “Жас құтқарушы” слеті өтті, оған Қостанай құрылыс колледжінің ӘПК “Арыстан” белсенді қатысты. Слеттің ұйымдастырушылары Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері болды. Аталған іс – шараның мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жан-жақты дамыту және дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын алу және жетілдіру.
Жас құтқарушылардың жарыстары өрт эстафетасы, командалардың визит карточкасы, алғашқы медициналық көмек көрсету, авариялық-құтқару жұмыстары сияқты пәндер бойынша жарыстарды қамтыды.
Осындай іс-шаралар азаматтық қорғау жүйесін танымал ету мақсатында өткізіледі. Жыл сайын жарысқа қатысушылар өз нәтижелерін жақсартуда, ал жас құтқарушылар дене дайындығының жоғары деңгейін көрсете отырып, үлкен қызығушылық танытуда.
- 13 May
- 2022