Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне Қостанай құрылыс колледжінде 1-4 курс студенттері арасында әскери-қолданбалы дағдылар бойынша жарыстар өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, әскери қызмет өткеру кезінде қажетті дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Бұл күні колледж белсенділері мерекелік концерттік бағдарлама дайындады.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – техникалық бөлім;
2 орын – сәулет бөлімі;
3 орын – техникалық бейіндегі жұмысшы мамандықтар бөлімшесі. Құттықтаймыз!