“Таlap” КЕАҚ “ТжКБ жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру” курстан кейінгі сүйемелдеу шеңберінде арнайы пәндер оқытушылары Айсина А.Г., Тастемирова С. У., Бирюк Б.К., Эпштейн М.С. “Цифрлық дидактика” тақырыбында мастер-класс өткізді. Іс-шара цифрлық трансформация жағдайында оқыту процесін ұйымдастыру мақсатында жас мамандар үшін өткізілді.
Педагогтер курстан өту барысында алған сандық құзыреттіліктермен жұмыс істеу дағдыларымен бөлісті. Тыңдаушылар WordCloud.pro, Wordwall сандық ресурстармен танысты. Мастер-класс барысында педагогтар ұсынылған материалды өз бетінше игеріп, топтарда және жеке жұмыс істеді.
Мектептің барлық қатысушылары дидактикалық қоржынға пайдалану үшін материал алды. Сабақ қорытындылаумен аяқталды, тыңдаушылар өткізілген іс-шараның маңыздылығын жоғары бағалады.