Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылық жасаудың алдын алу бойынша жұмыс шеңберінде колледжде 1 курс студенттерінің Қостанай қ. ПБ Оңтүстік ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Р. Абдулинамен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық білімді насихаттау және өз бетінше жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Полиция аға лейтенанты Р. Абдулина кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен салдарын түсіндіріп, мысалдар келтірді. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды.
- 11 May
- 2022