4 мамыр күні бірінші корпустың акт залында «Екі жұлдыз» вокалдық байқауының екінші кезеңі өтті, онда оқытушылар студенттермен бірге музыкалық композицияларды дуэтпен орындады. Екінші кезеңнің тақырыбы – «Поп-музыка». Байқауға 5 жұп қатысты: Садвакасова Маржан Ериковна – Асылулы Бекзат; Алинова Динара Руслановна -Кажанов Бекзат; Кубеева Мөлдір Қуанышбековна – Айтан Нұрболат; Каршалов Кайрат Саденович – Аманжулова Айдана; Салмагамбетова Савле Сапарбаевна – Ахметов Курман.
Байқауға қатысушылардың өнерін білікті төрешілер комиссиясы бағалады, оның құрамына: «Х-фактор» музыкалық телевизиялық жобасының финалисті Ерболат Жазықпаев; «Мирас» қалалық мәдениет сарайының солисі Нұржан Жақсан; Қостанай құрылыс колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жубайра Ауезхановна Ахметова кірді.
Байқау колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Серикбай Камзович Кадыровтың құттықтау сөзімен және қатысушыларға сәттілік тілеуімен басталды. Екінші кезеңде қатысушылар өз жанкүйерлерін екі есе көп қуантты, өйткені осы кезеңде әр дуэт екі композициядан орындады. Қатысушылардың киімдері, шоу элементтері, көпшілік, би, бейне сүйемелдеу, жалпы бәсекеге қабілетті шығармашылық күрес ерекше назар аударды.
Байқаудың келесі кезеңі маусым айында өтеді. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз және ең мықтылар жеңіске жетсін деп тілейміз!