Қостанай құрылыс колледжінің студенттер жатақханасында Отан қорғаушылар күні қарсаңында студенттердің ОӘҒК қызметкерлерімен және Қостанай қ. қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері кездесуі өтті.
Гуманитарлық әдебиеттер секторының меңгерушісі Заберезникова М.А. және кітапханашы Вербицкая И. “Қазақстанның Қарулы күштері – қауіпсіз болашақтың кепілі” тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізді.
Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері Г.А. Исмагулов студенттерге қазақстандық армияда қызметтің қалай өтіп жатқаны туралы, сондай-ақ жігіттер мен қыздар үшін әскери білім беру туралы айтып берді. Студенттерге ҚР-дағы әскери қызмет туралы презентация көрсетілді.
- 06 May
- 2022