7 мамыр қарсаңында Қостанай құрылыс колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Отан қорғаушылар күні – ерлік пен патриотизмнің символы. Бұл – белсенді, қайратты, жауапты ер азаматтардың күні! Өз отбасыларын қиыншылықтардан қорғайтын ер адамдар бүгінгі күні үшін жауап береді және болашақты бақытты ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Сіздердің өмірлеріңіз жарқын оқиғаларға, табыстар мен жетістіктерге толы болсын, ал жүректеріңізге жақын жандардың жылы лебіздері, махаббаты мен қамқорлығы ұяласын. Мереке құтты болсын!
Колледж қызметкерлері мен оқытушылары алдағы мерекеге орай сыйлықтарға ие болып, жақсы көңіл-күйге бөленді.
- 05 May
- 2022