4 мамыр күні Қостанай педагогикалық колледжінің базасында ТжКБ-ның 13 ұйымынан жалпы білім беру пәндерінің әдіскерлері мен педагогтары арасында облыстық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Әдістемелік тандемдер қазылар алқасына жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда жалпы білім беру пәндері педагогтарымен әдіскерлердің жұмысын ұйымдастырудағы жаңа әдістемелік тәсілдерді ұсынды.
Байқауға Қостанай құрылыс колледжінің әдіскері Любовь Сергеевна Инжеева және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Татьяна Александровна Туркестанова қатысты.
Байқаудың үш турына қатысу қорытындысы бойынша біздің педагогтар жүлделі бірінші орынға ие болды! Любовь Сергеевна мен Татьяна Александровнаны жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық, кәсіби жетістіктер, жаңа жеңістер тілейміз!
- 05 May
- 2022