21 сәуірде Қостанай құрылыс колледжінің оқытушылары Конарбаева Б.К., Молдрахметов Н. А., Ахетов Х.Н., Тастембекова Д. Б., Уразбаева Д. Т. жыл сайынғы кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде Әулиекөл ауданының мектептеріне және Н. Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясына барды. Мектеп оқушыларымен және осы мектептердің сынып жетекшілерімен сұрақ-жауап түрінде жанды әңгіме өткізілді. Оқушыларға біздің оқу орнымызда қандай мамандықтар дайындалғанын, оқу мен тұру үшін қандай жағдайлар жасалғанын, студенттеріміз сабақтан бос уақытында немен айналысатынын және т.б. білу қызықты болды.