20 сәуірде Қостанай құрылыс колледжінің бірінші курс студенттерінің алдында «Jastar MED» жастар денсаулық орталығының психологы А.А. Елеусизова-Ким «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы» тақырыбымен сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол адамның жеке шекарасына қатысты мәселелерді қозғады; агрессия, мазасыздық тақырыптары қарастырылды, қорқыныш туралы, адамның қорғаныс механизмі ретінде айтты.
Жыныстық қолсұғылмаушылық – адамды кез келген заңсыз жыныстық қолсұғушылықтан қорғайтын жеке қолсұғылмаушылықтың құрамдас бөлігі. Дұрыс емес жыныстық тәрбие көбінесе адамның рухани дамуына теріс әсер етеді.
Студенттерге репродуктивті денсаулықтың алдын алу, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушылар сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.
- 21 Apr
- 2022