Колледждің топ жетекшілері арасындағы кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы шығарылды, ол ТжКБ-дағы оқытушылық қызметтің басты құрамдас бөлігі ретінде топ жетекшілікті танымал етуге бағытталған. Бұл байқаудың ұйымдастырушысы Тәрбие жұмысы орталығы болды. Екі ай бойы бөлімшелердің топ жетекшілері тәрбие іс-шараларын өткізудің әдіснамалық және практикалық сауаттылығында бәсекелесе отырып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға келесі номинациялар берілді:
ОРССП / Алия Мендыгалиевна Абикенова: ҚАЙРАТКЕР –ТОП ЖЕТЕКШІ
ОРСТП/ Алия Токушевна Назкеева: КЛАССИК-ТОП ЖЕТЕКШІ
СО/ Гульбану Батырхановна Батырханова: ЖАҢАШЫЛ-ТОП ЖЕТЕКШІ
III орынды сәулет бөлімшесінің және техникалық бейіндегі жұмысшы мамандықтар бөлімшесінің топ жетекшілері: Анар Жумахановна Мырзахмет пен Савле Сапарбаевна Салмагамбетова бөлісті.
II орынды құрылыс саласындағы жұмысшы мамандықтар бөлімшесінің топ жетекшілерінің шығармашылық тандемі Кристина Сергеевна Блажко мен Маргарита Сергеевна Эпштейн жеңіп алды.
I орынды техникалық және политехникалық бөлімшелердің топ жетекшілері бөлісті: Людмила Сергеевна Крестинина мен Айгуль Каршигановна Кенешова.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың әрқайсысы өз бөлімшесін лайықты түрде ұсынды! Бұл Байқау біздің педагогтардың одан әрі кәсіби өсуі үшін жақсы бастама болады деп үміттенеміз!
- 19 Apr
- 2022