№ 23 мектепте 9 сыныптарда ата-аналар жиналысы өтті, онда біздің колледждің кәсіби бағдар берушілері Е.В. Ничубай, студенттік Парламент өкілдері О. Выродова және Т. Реснянскаямен бірлесіп кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Ата-аналарға колледж туралы бейнеролик көрсетілді. Елена Владимировна жетістіктер мен табыстар, колледж тарихы, оқуға түсу шарттары туралы толығырақ айтып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Белсенді студенттер колледжде жүзеге асырылып жатқан қоғамдық өмір, Студенттік Парламенттің қызметі туралы айтып берді.