2022 жылғы 12 және 13 сәуірде Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде ТКШ көктемгі форумы аясында студенттер, аспиранттар мен жас ғалымдардың “Сумен жабдықтау, су бұру және қоршаған ортаны қорғау жүйелері” XI Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Оған “Құрылыс және коммуналдық шаруашылық” мамандығының құрылыс бөлімінің бірінші курс студенттері Максимова Ангелина мен Иржанова Алма қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ғылыми жетекшілері Тертышник О. С. және Смолева Н. В. Құттықтаймыз!
- 18 Apr
- 2022