Қала көшелерін ғана емес, аулалар мен үй маңындағы аумақтарды, саябақтар мен скверлерді қолайлы қалыпқа келтіру үшін қала әкімдігі санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығын ұйымдастырады.
Қостанай құрылыс колледжінің ұжымы шетте қалмай, қала қамқорлығына өз үлесін қосты.
16 сәуірде Комаров көшесі ауданында сенбілікке біздің колледждің оқытушылары мен қызметкерлері жиналды. Таңертеңнен бастап, тырмамен және бақша қолғаптарымен қаруланған команда бірден екі нәрсені қолға алды: табиғатқа көмектесу және қала тұрғындары мен колледж студенттеріне жақсы үлгі көрсету.