“Қазақстан халықтарының бірлігі күні” мерекесі қарсаңында құрылыс колледжі мен жасөспірімдер үйі жатақханасының қыздар командалары арасында “Көктемгі спринт – 2022” өтті. Бұл іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Жарыс қатысушылары пресс, итермелеу, планка, отыру, секіргішпен секіру, “Дартс” мақсатына лақтыру сияқты дене жаттығуларында өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар Скорова Валерия, Махновец Карина, Настрдинова Анна және Мезгова Карина грамоталармен марапатталды. Қатысушылар мен жанкүйерлер көптеген жағымды әсер алды, сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлады.
- 15 Apr
- 2022