13 сәуірде Қостанай құрылыс колледжінің студенттік жатақханасында «Jastar MED» жастар денсаулық орталығының психологы Анжела Алтаевна Елеусизова-Ким қыздармен «Жасөспірімдер кезеңі және жыныстық жетілу, жағымсыз жүктілік» тақырыбында кездесуі өтті.
Әңгіме барысында жасөспірімді ерте жыныстық қатынасқа түсуге, олардың салдарын талдауға итермелейтін негізгі факторлар мен субъективті себептер қарастырылды. Әңгімелесу жыныстық жолмен берілетін аурулардың (сифилис, гонорея, АИТВ-инфекциясы) алдын алудың түрлі аспектілеріне бағытталды.
- 14 Apr
- 2022