14 сәуірде Қостанай құрылыс колледжінің медицина қызметкері Г.Ж. Егінбаевамен Қостанай қаласының темір жол ауруханасының СӨС маманы Г.Я. Сарана, сондай-ақ “Jastar MED” жастар орталығының мамандары А.А. Елеусизова-Ким «Психологиялық денсаулық, жыныстық жетілу, ерте жүктіліктің және ЖЖБИ алдын алу» тақырыбында 1 курс студенттерімен профилактикалық әңгімелесу үшін шақырылды.
Әңгіме барысында жыныстық жетілу, гормоналды толқулар аясында болатын ағзадағы өзгерістер тақырыбы талқыланды. Біз жыныстық қатынас туралы – қыздар мен ұлдар арасындағы, ал болашақта еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелестік, жоспарланбаған жүктілік тақырыбы, түсік түсіру салдары және контрацепция туралы әңгіме де қозғалды. Сондай-ақ, әңгіме жыныстық қолсұғылмаушылық, жыныстық қолсұғылмаушылық бөлігінде қылмыстық кодексті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы болды. Студенттер пайдалы ақпаратты мұқият тыңдап, әңгіме соңында белсенді сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Пікір алмасу өткізілді. Мұндай әңгімелер оң нәтиже береді деген ойдамыз.
- 14 Apr
- 2022