14 сәуірде Қостанай құрылыс колледжінің студенттері мен педагогикалық ұжымы таза бейсенбіге шықты. Студенттер колледж аумағын белсенді түрде таза күйге келтірді: қыстан кейін қалған қоқыстарды жинады, саябақты бұтақтардан, құрғақ жапырақтардан тазартты, ағаштарды ақтады, қоқысты көлікке тиелді. Жарқыраған күн жағымды әсер қалдырды, барлығы жасаған жұмыстарынан жағымды әсер алды.