Топ жетекшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған «Сыныптан тыс үздік іс-шара» байқауының практикалық кезеңі жалғасуда. Бүгін кураторлық ашық сағаттарды Л.С. Крестинина және Г. Б. Батырханова өткізді. Өткізілген іс-шаралар ТжКБ ұйымдарында сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың түбегейлі жаңа тәсілдерін айқын көрсетті.
Людмила Сергеевна «Жаны сауға бәрі сау!» зияткерлік жарыс ойыны шеңберінде ойлау, шығармашылық және практикалық қызметтің ұйымдастырушысы ретінде сөз сөйлей алды. Ойынға №7 мектептен білім алушылар тобы шақырылды, олар іс-шараға қуана қатысты және біздің колледжге оқуға түсу туралы ойлана бастады. Іс-шараның әрбір қатысушысы мен қонағына «Дамытушы жаттығулар кешені» және «Дұрыс тамақтану» брошюралары түрінде практикалық ұсыныстар берілді. Барлық қатысушылар іс-шараның сапалы дайындығы мен жоғары деңгейін атап өтті.
Гульбану Батырхановна колледж үшін сыныптан тыс іс-шараны өткізудің мүлдем жаңа түрін көрсетті: «Таратуға лайықты идеялар» атты ТED конференция. Студенттер өздерінің шешендік шеберліктерін көрсетуге, инновациялық идеялармен бөлісуге мүмкіндік алды, осылайша басқа спикерлерді жеке үлгісімен шабыттандырды. Барлық қатысушылар кураторлық сағатты өткізудің жаңашылдығын атап өтті.
Біз қатысушы топ жетекшілерді екінші және үшінші кезеңдердің аяқталуымен құттықтаймыз және БАҚ-та олардың авторлық көзқарастарын күтеміз. Ал қалған барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз және Сіздерді, құрметті жазылушылар, конкурстың одан әрі өту барысымен таныстырып отыруды жалғастырамыз!
- 14 Apr
- 2022