8 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай құрылыс колледжі мен ТжКБ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «ТжКБ жүйесіндегі инновациялық тәсілдер және BIM-технологиялар интеграциясы» республикалық қатысуымен ғылыми – практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына тәжірибелі мамандар, Челябі электрометаллургиялық комбинатының өкілдері, Алматы, Теміртау, Петропавл, Семей, Жітіқара, Рудный қалаларынан және Қазақстанның басқа қалаларынан 100-ден астам педагог қатысты.
Конференция техникалық бейіндегі мамандарды даярлау кезінде Әдістемелік идеялар мен инновациялық тәсілдерді іздеуге, BIM-технологияларды енгізу бойынша кәсіби қоғамдастықтың тәжірибесі мен пікір алмасуына, ақпараттық модельдеуді техникалық бейіндегі ТжКБ ұйымдарының практикасы мен білім беру қызметіне бағытталған өнімді диалогты ұйымдастыруға арналған алаңға айналды.
- 12 Apr
- 2022