7 сәуірде бірінші корпустың акт залында “Екі жұлдыз” вокалдық конкурсының бірінші кезеңі өтті, онда оқытушылар студенттермен бірге музыкалық композицияларды дуэтпен орындады. Бірінші кезеңнің тақырыбы – Қазақ тіліндегі әндер. Байқауға 5 жұп қатысты:
Маржан Ериковна Садвакасова – Бекзат Асылулы; Динара Руслановна Алинова – Бекзат Кажанов; Мөлдір Қуанышбековна Кубеева – Нұрболат Айтан; Кайрат Саденович Каршалов – Айдана Аманжулова; Савле Сапарбаевна Салмагамбетова – Курман Ахметов.
Байқауға қатысушылардың өнерлерін құрамында қалалық, облыстық, республикалық конкурстардың лауреаты, «Мирас» қалалық мәдениет сарайының солисі – Дәулет Ақтанов; қалалық, облыстық, республикалық конкурстардың лауреаты, «Мирас» қалалық мәдениет сарайының солисі – Диас Кенжегарин; Қостанай құрылыс колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жубайра Ауезхановна Ахметова бар білікті әділқазы комиссиясы бағалады.
Байқау колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Серикбай Камзович Кадыровтың құттықтау және қатысушыларға сәттілік тілеу сөзімен басталды. Сондай-ақ қазылар алқасы қатысушыларды қолдап, шеберлік сыныбы ретінде өз композицияларын орындады.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайлар келесі түрде орналасты:
Маржан Ериковна Садвакасова – Бекзат Асылулы -11 ұпай
Динара Руслановна Алинова – Бекзат Кажанов -13 ұпай
Мөлдір Қуанышбековна Кубеева – Нұрболат Айтан -13 ұпай
Кайрат Саденович Каршалов – Айдана Аманжулова -12 ұпай
Савле Сапарбаевна Салмагамбетова – Курман Ахметов -13 ұпай
Байқаудың келесі кезеңі 21 сәуірде өтеді және оның тақырыбы – Поп-музыка.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз және ең мықтылар жеңіске жетсін деген тілек білдіреміз!