8 сәуірде “Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы” КММ бастамасымен “Егер қиын болса – қоңырау шалыңыз” бір реттік акция аясында студенттермен, педагогтармен және ата – аналар қауымдастығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагог-психолог Н.Е.Аллавердиева топ кураторлары мен өндірістік оқыту шеберлерінің көмегімен кәмелетке толмаған білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында визиткалар мен парақшалар таратылды.
Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп және ТжКБ оқушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылығын арттыру.
- 08 Apr
- 2022