Бүгін Қостанай құрылыс колледжінде “Веб дизайн және сайтты дамыту” тақырыбында мастер-класс өткізілді. Аталған мастер-классқа “Жастық” жеке мекемесінің және №20 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Оқушылар веб-сайттарды әзірлеу сияқты қызықты саламен танысты, осы бағыттың артықшылықтарын білді. Мастер-класс барысында оқушылар бірнеше қарапайым сайттар құрып, өз жұмыстарының нәтижесін көрді. Сайттар HTML гипермәтіндік белгілеу тілінде W3C заманауи стандарттары негізінде жүзеге асырылды.
Оқушылар алған әсерлері туралы айта отырып, кәсіби сынақтар болашақ мамандықтың құндылықтарына көз жеткізуге, кемшіліктерді анықтауға көмектесетінін атап өтті.