1 сәуірде құрғақ құрылыс және WSK стандарттары бойынша тренинг бағдарламасы аясында “Құрылыс саласына кадрлар даярлау” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазақстан мен Қырғызстан колледждерінің басшылары, “БК строй” құрылыс компаниясының өкілдері, КНАУФ ОО қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында құрылыс компанияларын тарту, құралдармен жабдықтау, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, дуальді оқытуды одан әрі енгізу мәселелері талқыланды.
Қостанай құрылыс колледжінің директоры Серікбай Қадыров іс-шараны аша отырып, КНАУФ сияқты компаниямен ынтымақтастық жалпы білім беру жүйесін дамыту құралы және еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарға сұраныстың кепілі болып табылатынын атап өтті.
“КНАУФ білім беру миссиясын студентке белсенді кәсіптік оқыту кезеңінде заманауи құрылыс материалдарын пайдалану дағдыларын беруден көреді. Ол үшін біз білім беру мекемелеріне беретін оқу бағдарламаларын әзірледік”, – деп қорытындылады “Кнауф Гипс Қапшағай” оқу орталығының жетекшісі Олег Сотников.
Дөңгелек үстел жұмысын аяқтай отырып, Олег Анатольевич ұсынылған алаң үшін колледж басшылығына және оның үйлесімді педагогикалық ұжымына алғысын білдірді.
Шақырылған қонақтар үшін колледж шеберханалары мен жаттығу алаңында экскурсия өткізілді.
- 04 Apr
- 2022