Жас педагог мектебінің жұмысы аясында құрылыс колледжінде “Қазіргі заманғы оқу сабақтарының мақсат қою және міндеттері” тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарды арнайы пәндер оқытушысы Смолева Наталья Васильевна өткізді.
Мақсаты: жас оқытушыларды қазіргі сабаққа қойылатын талаптарға сәйкес сабақтың мақсатын тұжырымдауға үйрету.
Семинардың практикалық бөлімінде жас педагогтар сабақтың мақсаттарын өз бетінше қойып, мазмұнын анықтап, күтілетін нәтижені болжады. Рефлексия ретінде мектеп тыңдаушылары берілген тақырып бойынша синквейн құрастырумен айналысты.
- 04 Apr
- 2022