«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогы: еңбек функцияларын жетілдіру» білім беру бағдарламасы бойынша «Talap» КЕАҚ біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары мазмұндық модульді игеруді жалғастыруда. Сабақ материалы барлық тыңдаушыларды практикалық қызметке қосуға мүмкіндік беретін әрекет әдісі негізінде жасалған. Сабақ барысында педагогтар біліктілік бойынша функционалдық талдау жүргізді және модуль бойынша қалыптасқан оқыту нәтижелерін өз бетінше анықтады.
30 наурызда курс сабақтары оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін әзірлеуге арналды. Сабақ барысында педагогтар қалыптастырылатын құзыреттілікке байланысты оқыту нәтижелері үшін бағалау критерийлерін әзірледі. Тыңдаушылар атап өткендей, орындалған тапсырмалар кәсіби қызметті жетілдіру үшін пәрменді құрал болады.
- 31 Mar
- 2022