Қостанай құрылыс колледжінің педагог-психологы Н.Е. Аллавердиева жатақханада тұратын студенттермен жанжалдарды шешу тренингін ұйымдастырды және өткізді.
Ол негізгі ұғымдарды ашып, тренингке қатысушыларды қақтығыстардың жіктелуімен таныстырды. Ұжымдық талқылау барысында қақтығыс жағдайларының себептері, олардың оң және теріс салдары, жанжалды шешу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, балаларға “Қақтығыс жағдайында өз мінез-құлқын бағалау” тестінен өту және бірнеше жаттығулар орындау ұсынылды.
- 31 Mar
- 2022