Кураторларымыздың кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған «Сыныптан тыс үздік іс-шара» байқауының практикалық кезеңі жалғасуда. Бүгін «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын политехникалық бөлімнің кураторы Кенешова Айгүл Қаршығанқызы өткізді. Бұл іс-шара «ҚР Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында» анықталған тәрбие мазмұнына толық сәйкес келді, ойын кезеңдерін құрудың жоғары қарқыны мен әдістемелік сауаттылығымен ерекшеленді. Айгүл Қаршығанқызы өз студенттерінің зияткерлік қызметінің ұйымдастырушысы бола білді, ойыншыларды қызықтырды және белсенді ете білді.
Барлық қатысушылар іс-шараны өткізудің жоғары деңгейін, сондай-ақ куратордың байқауға үздік дайындығын және студенттердің тамаша жұмысын атап өтті.
Барлық қалған қатысушыларға сәттілік тілейміз және сіздерді, құрметті жазылушылар, әрі қарай конкурс өткізумен таныстыруды жалғастырамыз!