21 ақпанда Қостанайда облыстың ірі кәсіпорындарының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қамқорлығы туралы үш жақты меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
Қостанай облысының білім басқармасы, «БК – Строй» ЖШС және Қостанай құрылыс колледжі, сонымен қатар басқарма, «Рудныйсоколовстрой» АҚ және Рудный құрылыс және көлік колледжі арасында меморандумдарға қол қойылды.
Білім басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменова өзінің құттықтау сөзінде ірі бизнес өкілдерін колледждерге қамқорлықтың мақсаты жоғары дайындық деңгейі және түлектерді кепілді жұмысқа орналастыру болып табылатынын атап өтті.
«БК-Строй» ЖШС директоры Валерий Афанасьевич Полешко атап өткендей, «Бизнес білікті кадрларға мүдделі, кәсіпорындардың колледждермен тығыз ынтымақтастығы өзара тиімді – өйткені байланыста жұмыс істей отырып, оқу ұйымдары біздің болашақ жұмыскерлерімізге қойылатын өндірістік талаптарды ескереді».
«Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры Нұрлан Бахетжанұлы Орынбаев: «Біздің кәсіпорын қызметкерлерінің 80% Рудный құрылыс және көлік колледжінің түлектері. Біз ынтымақтастығымызды нығайтқымыз келеді»-деп ынтымақтастықтың маңыздылығына сенімділігін білдірді.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылға қарай мектептің әрбір түлегі облыс және ел колледждерінде тегін білім ала алады деп жоспарланып отыр. Болашақ мамандарды сапалы даярлау үшін әлеуметтік әріптестермен меморандум жасасу жалғасатын болады.
- 22 Feb
- 2022