2022 жылдың 17-18 ақпанында «Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті» ЧҚЖИ базасында «Ғылым және практика -2022» халықаралық студенттік ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Крат В., Мазитова З., Максимова А., Иржанова А., Аскаров Б. қатысты.
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары оқу және өзіндік жұмыс аясында орындалған білім алушылардың жеке ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелеріне арналды. Сәулет-құрылыс пәндерінің ПЦК оқытушылары ғылыми жетекші болды.
Конференцияға “РТЖ” ААҚ филиалы – Оңтүстік – Орал темір жолының персоналды басқару қызметінің, ЮУТТ инновациялық даму орталығының, “Қостанай құрылыс колледжі”, “Жітіқара политехникалық колледжі” және «Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті» ЧҚЖИ-нің өкілдері қатысты. Конференция жұмысы онлайн режимінде өтті. Барлық қатысушылар сертификаттар мен алғыс хаттар алды.
- 21 Feb
- 2022