16 ақпанда Қостанай құрылыс колледжінің базасында «Құрғақ құрылыс шебері» (гипсокартоншы) және «Сылақшы» біліктіліктері бойынша құрылыс саласында дуалды оқытуды дамыту бойынша КНАУФ және GIZ халықаралық бірлескен жобасы шеңберінде дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға КНАУФ жобасының үйлестірушілері мен қатысушылары, аймақтық әлеуметтік серіктестер, құрылыс компаниялары, колледждің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Бүгінгі таңда колледжде GIZ-пен ынтымақтастық аясында алынған дуальды оқыту нысаны белсенді қолданылады. Колледж базасында облыстағы жалғыз «КНАУФ Қостанай» ресурстық орталығы жұмыс істейді, онда колледж білім алушылары мен облыс тұрғындары құрғақ құрылыс материалдары мен технологиялары бойынша оқудан өтуге мүмкіндігі бар.
Колледж директоры Кадыров С.К. дөңгелек үстел өкілдеріне «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы үшін дуалды оқыту нысаны бойынша «БК СТРОЙ» ЖШС-мен бірлесіп эксперименттік жұмыс оқу жоспарын іске асыру, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) мен «Knauf» компаниясының бірлескен жобасы шеңберінде «Техник-құрылысшы» біліктілігі туралы айтып берді.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мамандық бойынша практикалық сабақтарды оқу сағаттарының жалпы санынан 78% – ға дейін ұлғайта отырып, қазақстандық жағдайларға бейімделген неміс оқу жоспарлары енгізілді. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, құрылыс мамандықтары бойынша даярлықты ұйымдастыруда жоба шеңберінде тұрақты әдістемелік қолдау, сондай-ақ «Knauf» компаниясының практикаға бағытталған оқыту материалдары болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында «Әрлеу жұмыстарының заманауи технологиялары» құрылыс полигонында мастер класс, сондай-ақ «VR құрғақ құрылыс бойынша тренажер» виртуалды шындық жүйесінің тұсаукесері өткізілді.
Диалог алаңының соңында қорытындылар шығарылып, одан әрі бірлескен жұмыстың перспективалары белгіленді.
- 16 Feb
- 2022