Қостанай құрылыс колледжінде студенттер интернационалист-жауынгерлермен кездесті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері А.А. Ермоленко, А.Т. Ерғалиев, М.Е. Жұбанышев, А. Г. Плотников шақырылды.
Олар студенттерге Ауғанстандағы кеңес жауынгерлерінің миссиясы туралы, өздерінің интернационалдық парызын абыроймен орындаған және ең жақсы адами қасиеттерді: батылдық, қайсарлық пен бекзаттықты көрсеткен жерлестеріміз туралы айтып берді. Қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, олардың өмірімен танысуға ықпал ететініне күмән жоқ, олар интернационалист жауынгерлерге деген үлкен қошемет пен құрметке ие болды.
АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы О.С.Ақанбет колледж басшылығы атынан ардагерлерге олардың жауынгерлік ерлігі және жастарды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу бойынша белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.