10 ақпан күні «Қостанай құрылыс колледжі» сәулет бөлімінің студенттері Толстой атындағы облыстық кітапханада өткен Георгий Соковтың «Хокку в картинках» көрмесіне қатысты.
Осы жылы суретші көпшілікке дәстүрлі жапон поэзиясына деген көзқарасын, атап айтқанда ұлы Жапон ақыны Басенің үш стилін ұсынды. Хоккудың негізгі тақырыбы – табиғат пен адамның ажырамас бірлігі, жыл мезгілдерінің өзгеруімен болатын өзгерістер.
Біздің студенттер көркемдік шеберліктің көптеген қырлары мен ерекшеліктерін білді. Біз өнер әлемінің алуан түрлі және керемет екендігіне көз жеткізе алдық. Олар барлық әдемі көріністерден үлкен рахат пен қуаныш алды.
- 14 Feb
- 2022