«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында Қостанай құрылыс колледжінде оқытушылар Шагатаева Р.Ш., Буренко С.В. өзін-өзі тану сабақтарында 378 МКА-1 тобының студенттерімен патриотизм, адамгершілік, мейірімділік туралы дебаттар өткізді.
Студенттер ұсынылған тақырыпта белсенді пікірталас жүргізді, спикерлер қойған сұрақтарға жауап берді және шынайы азамат ел тарихына құрметпен қарайды, өз іс-әрекеттерімен Отанға деген сүйіспеншілігін дәлелдейді, басқа да адамгершілік қасиеттерді көрсетеді деген қорытынды жасады.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, бұл білім алушылардың патриоттық, адамгершілік, мейірімділік және азаматтық тәрбиесіне ықпал етті.
- 10 Feb
- 2022