2022 жылдың 9 ақпанында №378 МКА-1, 379 МСМП-1 топтарының жұмысшы мамандықтарының студенттері үшін ZOOM бейнеконференция режимінде “Деструктивті діни ұйымдардың мәні және олардың жастар санасына әсері. Жалдаудың формалары мен әдістері” тақырып бойынша іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында колледждің АТТ жетекшісі Л.М. Мусина экстремистер мен террористердің өшпенділік пен төзбеушілікті қоздыру, агрессия мен діни радикализмнің экстремалды түрлерін көрсету, жастарды өз қатарына тартуға барлық тәсілдермен ұмтылу үшін дінді қолданатындығына назар аударды.
Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы М.С. Туйғанов ҚР-дағы қаңтардағы оқиғаларға, оларға экстремистік ұйымдар өкілдерінің қатысуына, ТДК-ның қоғам үшін қауіптілігіне, ТДК-ның мәні мен белгілеріне, психологиялық аспектілері мен олардың қызметінің тәсілдеріне, жастарды өз қатарына тарту тәсілдеріне назар аударды. Діни экстремистер мен террористерге жәрдемдесу, сондай-ақ террористік қызметке тікелей қатысу жағдайларында ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберіндегі жауапкершілік шаралары туралы фактілерді келтірді.
- 09 Feb
- 2022