4 ақпанда Қостанай құрылыс колледжінің кәсіби бағдар берушілері А.С.Абитаева, А.И. Хайруллинмен экскурсияға Қостанай қ.№3 ОМ оқушыларын шақырды. Кәсіби бағдар берушілер мектеп оқушылары үшін колледж туралы презентация дайындады, мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетті. Колледж белсенділері колледждегі оқу, үйірмелер, сабақтан тыс уақытта немен айналысатыны туралы айтып берді. Кездесу қызықты өтті, оқушылар студенттермен бірге ән шырқады, сұрақтар қойды. Сондай-ақ, корпус шеберханаларына экскурсия ұйымдастырылды, онда өндірістік оқыту шеберлері әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, электр газбен дәнекерлеуші, автокрановщик, ағаш және паркет жұмыстарының шебері мамандықтары туралы айтты.