27 қаңтарда Қостанай құрылыс колледжінің студенттік Парламенті еріктілер фракциясының белсенділері Дәулет Каширбеков пен Куат Исркепов қаланың қоқыс алаңдарынан тасталған шыршаларды жинау бойынша қалалық экологиялық акцияға қатысты. Акция ұйымдастырушысының айтуынша, жиналған шыршалар кәдеге жарату үшін полигонға шығарылады, барлығы мал азығына жұмсалады, ал ағаш чиптерін жазғы тұрғындарға беру жоспарлануда.