26 қаңтарда Қостанай құрылыс колледжі жатақханасының студенттерімен «Жалғыз өмір» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу.
Іс-шара барысында қиын өмірлік жағдайлардағы мінез-құлық үлгілері, стресске төзімділікті қалыптастыру және өмірді оң қабылдау талқыланды.
Тренингтің ойын формасы топта сенімді атмосфера құрды. Педагог-психолог Н.Е. Аллавердиева студенттерге ішкі ресурстарға сүйене отырып, қиын жағдайларды жеңу мүмкіндігі, өз ұстанымын және өмірлік қиындықтарға деген көзқарасын өзгерту жолдары туралы айтып берді.
- 27 Jan
- 2022