12 қаңтарда «Қостанай құрылыс колледжінің» жатақханасында педагог-психолог Тшанова Г.Н «Өмір бояулары» арт-терапиясы тренингі элементтерімен сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: ұжымдағы ұйымшылдық, эмоционалды көңіл-күй деңгейін арттыру.
Әр жаттығудан кейін студенттер өз ойларымен бөлісіп, «Жаттығуды орындау кезінде не қиын болды?», «Бұл жаттығулар өмірдегі жағдайларға байланысты ма?» деген сұрақтарға жауап берді.
Рефлексия ретінде қатысушыларға ең көп есте сақталған нәрсені жазу ұсынылды.
- 13 Jan
- 2022