2022 жылы Ұлы ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады.
Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог, публицист және өз Отанының нағыз патриоты!
Мерейтой аясында Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасы “Ахмет Байтұрсынов – дәуірдің жарық жұлдызы” – “Ахмет Байтұрсынов – дәуірдің ар-намысы мен ар-ожданы”атты кітап көрмесін дайындады. Көрменің мақсаты Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және өз Отанына және халқына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ студенттер мен оқытушыларды Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен, қоғамдық қызметімен және ақындық шығармашылығымен таныстыру болып табылады.
Ахмет Байтұрсыновтың мұрасы әлемдік мәдениеттің бір бөлігіне жатады және ол бүкіл адамзатқа қол жетімді болуға міндетті.
Көрмеге қойылған кітап көрмесі оқу жылының соңына дейін оқырмандар назарына ұсынылады.