10 қаңтарда Қазақстанда ел өңірлеріндегі жаппай наразылықтар салдарынан адам өліміне байланысты Жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
Елде барлық Мемлекеттік тулар түсіріледі. Бұл күні біз елдегі жаппай тәртіпсіздік барысында қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террористердің қолынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты. Президент біздің тарихымыздағы осы қара жолақты тез арада еңсеретінімізге күмән жоқ деді. Ең бастысы-болашақта мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу.
- 10 Jan
- 2022