Жаңа жыл бәріміз үшін ең әдемі, ең жұмбақ және сиқырлы мереке! Біз оны ерекше асыға күтеміз. Жаңа жылдық сыйлықтар мен тосынсыйлар– ертегі мен сиқырға сенудің, көптеген жағымды эмоциялар алудың тағы бір себебі.
Жаңа жыл қарсаңында демеушілер Аяз ата мен Ақшақардың атынан “Қостанай құрылыс колледжі”КМҚК жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларына сыйлықтар тарту етті.
Олардың назары мен қамқорлығы студенттер жатақханасында ертегі мерекесінің атмосферасын құрып, балаларға көптеген жағымды және қуанышты эмоциялар сыйлады!
Сіздерге шын жүректен алғыс білдіреміз және зор денсаулық, күш-қуат пен жақсы көңіл-күй, жұмыста табыс пен қаржылық игілік, бақыт пен барлық істерде сәттілік тілейміз!
- 30 Dec
- 2021