22 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған үстел теннисінен 1-4 курс студенттері арасында Қостанай құрылыс колледжінің чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында: 1 орын – 11 БКЕ-1 тобының студенті Тұрсынғали Ернұр, 2 орын – 350 СМ-3 тобының студенті Ақпантаев Фархат, 3 орын – 362 СС-2 тобының студенті Ярошенко Владимир иеленді. Қыздар арасында 370 Д-1 тобының студенті Насртдинова Анна 1 орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!