16 желтоқсанда “Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы” республикалық діни бірлестігінің “Жайлаубай Ата” мешітінің филиалы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасына қайырымдылық сапармен барды.
Жатақханада тұратын студенттерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Колледж әкімшілігі мен ұжымы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға назар аударғаны үшін мешітке алғыс білдіреді.